Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 2831 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысымен бекітілген

Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Атырау облысының агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" (бұдан әрі - Заң) және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Атырау облысының агроөнеркәсіптiк кешен (бұдан әрі – АӨК) саласында инновациялық жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу мен тарату және Атырау облысының АӨК-де зияткерлік меншік объектілерін енгізу мен тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру үшін оларды іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені еңгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген - "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекеме;

      2) өтініш беруші - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инновациялық жобаны Атырау облысының АӨК-не енгізу мен таратуға арналған, оны іске асыру жөніндегі іс-шараларды көрсете отырып белгіленген нысандағы өтінімді ұсынған Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъект немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;

      3) агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілері - Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешенінде өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) өтінім – бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынылатын, осы Қағидаға қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы құжаттар пакеті;

      5) ғылыми ұйымдар (бұдан әрі - ҒҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар, негізгі қызметі АӨК-де ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғалар;

      6) инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атырау облысының АӨК-на инновациялық жобаны енгізу бойынша шаралар кешені.

2-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі мен шарттары 1. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі

      3. Атырау облысының АӨК кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді (бұдан әрі - инновациялық жобаларды іріктеу) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өтініш берушіден өтінім қабылдағаннан кейін конкурстық негізде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.

      4. Инновациялық жобаларды іріктеуге құжаттар берудің және конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізудің мерзімдері облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен белгіленеді.

      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, конкурс өткізу басталмас бұрын 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттарды қабылдау алдында ресми баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялайды.

      6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      бірінші кезең: өтінімдердің толықтығы мен ресімделу сапасын, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін бюджеттік бағдарлама әкімшісімен қарауы;

      екінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен инновациялық жобалардың іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде олар бойынша кешенді қорытынды дайындауы;

      үшінші кезең: инновациялық жобаларды іріктеу бойынша комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) өтінімдерді қарауы және кешенді қорытындысы.

      төртінші кезең: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Комиссияның қорытындысы негізінде инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.

      7. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім нысанын;

      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;

      4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын;

      5) заңды тұлғалар үшін:

      жарғының көшірмесін, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлігі, анықтамасын;

      соңғы екі жылдың қаржылық есептілігінің көшірмесін;

      үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

      өтініш беруші қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi бар, өтініш берушінің банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған, мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi жеткізушіге екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады), анықтама өтінім берілген күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;

      аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

      6) жеке тұлғалар үшін:

      жеке куәлігінің көшірмесі, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат (болған жағдайда);

      салық төлеуші ретінде салықтық берешектерінің жоқ екендігі туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

      аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелері;

      құжаттардың көшірмесін тапсырған уақытта олардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынылады;

      8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші (лер) ұсынатын материалдар осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына қатаң сәйкесті, бірыңғай папкаға құрастырылып, парақтары нөмірленіп және ресімделеді.

      9. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен растығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе сенімді емес деректерді ұсынуы өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.

      10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен инновациялық жобаларды іріктеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткен және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша, олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде кешенді қорытынды дайындайды.

      11. Инновациялық жобаны (жобаларды) іріктеуге қойылатын талаптар:

      өтініш беруші ұсынған материалдардың осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;

      жобаның инновациялық бағыттылығы, техникалық іске асыруы, Атырау облысының аумағындағы АӨК-ді енгізуге және таратуға оның дайындығының деңгейі, патенттерінің болуы;

      өзектілігі және Атырау облысының және Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;

      инновациялық жобаның қаражатын игерудің және Атырау облысының АӨК-гі әрі қарай келешегінің нақты тұжырымдалғанының көрінуінің болуы;

      инновациялық жобаларды орындау үшін қажетті жабдықтардың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;

      инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;

      инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа сәйкестігі.

      12. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімдерін және кешенді қорытындысын (бұдан әрі - материалдар) қарауды осы Қағидаға сәйкес Комиссиямен инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына түскен өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысын алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Комиссия тұрақты негізде осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында жұмыс істейді. Комиссияның құрамына бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің бірінші басшысы және маманы, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылымның, бизнестің, бейінді қоғамдық пен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ басқа да уәкілетті ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімінің қаулысымен бекітіледі. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

      13. Материалдарды қараудың қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсынымдарын шығарады.

      Бұл ретте конкурсқа қатысушылардың үздік ұсыныстарын таңдауды конкурстық құжаттамада анықталған критерийлер негізінде Комиссия жүзеге асырады.

      14. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы Комиссияның ұсынымдары Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      15. Комиссия ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      15-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен өтініш берушіге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі, бұл алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Ескерту. Қаулы 15-1 тармақпен толықтырылды – Атырау облысы әкімдігінің 16.05.2023 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ол осы Қағидаға 8-қосымшадағы Өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша үлгі шартына сәйкес инновациялық жоба туралы шарт өзі мен конкурс қорытындылары бойынша анықталған өтініш беруші (лер) арасында жасалады.

      17. Инновациялық жобаны қаржыландыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражаты нысаналы мақсатында және шығыстар сметасымен қатаң сәйкестікте пайдаланылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.

      18. Инновациялық жобаны қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты оларды шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда да Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджетке толығымен қайтаруға жатады.

2. Инновациялық жобаларды іріктеудің шарттары

      19. Атырау облысының АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мыналарға беріледі:

      1) Атырау облысының жағдайына бейімделген АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және таратуға;

      2) инновациялық агротехнологияларды Атырау облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына бейімделген, АӨК субъектілеріне енгізуге және таратуға.

      20. Атырау облысының АӨК-і саласына қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді), инновацияларды енгізу және тарату, мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық үрдісін енгізу және тарату;

      2) Атырау облысының АӨК-де кешенінде инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және тарату (конструкторлық жұмыстар);

      3) Атырау облысының АӨК-е ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешеліктері бар бірегей моделдерді) енгізу және тарату;

      4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;

      5) шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру есебінен тауар өндірушілердің әлеуетін арттыру.

      6) ресурс- және энергоүнемдеуші техникалық құрылғыларды өндіру мен перспективтік технологиялар үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу және жинауды әзірлеу және ұйымдастыру.

      Бұл ретте инновациялық жобаларды іске асыру үрдісінде теріс нәтижелер алыну шарасыздығы немесе жұмыстарды одан әрі қарай жүргізу мақсатқа сай келмеу жағдайлары инновациялық жобаны іріктеу және іске асырудың барлық кезеңінен өңірде инновацияларды тарату бойынша алынып тасталады. Инновациялық жобаларда теріс нәтижелерінің және/немесе іс-шараларды алға қарай өткізудің мақсатсыздығына әкеліп соғатын факторларының болуы алдын ала көзделген, инновациялық жобаларды енгізуге жол берілмейді.

      21. Атырау облысының АӨК-де қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және (немесе) АӨК субъектілеріне инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржыландыруды беру, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысының нәтижелері мен Комиссияның ұсынымы бойынша жүргізіледі.

      22. Атырау облысының АӨК-да инновациялық жобаның іс-шараларын орындауға арналған жергілікті бюджет қаражатын өтініш берушінің (лердің) игеру нәтижесі мыналар болып табылады:

      1) Атырау облысының АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіруді ұйымдастыру және енгізу;

      2) Атырау облысының АӨК субъектілерінде инновациялық әзірлемелерді, оның ішінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату есебін қоса беру;

      3) Атырау облысының АӨК субъектілерінің агроөнеркәсіп өндірісінде ауыл шаруашылығы өнімінің тәжірибелік үлгілерін енгізу, есебін қоса беру;

      4) Өңірдің АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылығы өнімінің инновациялық өндірісі бойынша технологиялық (конструкторлық) құжаттаманы немесе жабдықтарды беру, растаушы материалдарымен қоса беру;

      5) Атырау облысының АӨК субъектілеріне инновациялық тәжірибені, агротехнологияларды, ғылыми жетістіктерді енгізу және тарату бойынша қорытынды өңірлік кеңестер (семинарлар, егістік күндерін және т.б.) өткізу, есебін қоса беру.

      23. Атырау облысының АӨК-не инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау өзінде мыналарды қамтиды:

      1) өтініш берушінің және өңірдің экономикасында еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын бағалауды және нақты айқын нәтижелерді қамтитын инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерінің сан мен сапа көрсеткіштері;

      2) бұрынғы қолданылып келген технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаларды енгізу бойынша іс-шараларды іске асырудан Атырау облысының АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділік;

      3) инновациялық жобаларды енгізу нәтижелерін Атырау облысының АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға экономикалық бағалау;

      4) енгізуден технологиялық қатер болуын мейлінше азайту және АӨК нақты субъектісінің жағдайында енгізу үрдістер ғалымдардың жеке сүйемелдеуі арқылы жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан мейлінше мол табыс алу.

      24. Атырау облысының АӨК-е инновациялық жобаларды енгізу және тарату бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) ғылыми-зерттеу және тәжірибиелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бойынша консультациялық, қызметтер көрсету, оның ішінде ғылыми шығыстар материалдарын алу;

      2) зертханалық, оның ішінде енгізудің нәтижелері бойынша талдау жүргізу;

      3) АӨК субъектілерінің немесе ғылыми және тәжірибелік және өзге де аграрлық бейіндегі ұйымдардың өндірістік базасында инновациялық жобаларды енгізу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндерін және т.б.) өткізу;

      4) ҒЗТКЖ тәжірибесін және алынған нәтижелерін тарату (таныстырылым, мақалалар жариялау, кітапшалар, буклеттер дайындау және шығару, бейнематериалдар дайындау).

      25. АӨК субъектілеріне аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату бойынша іс-шараларға, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мерзімі және оның сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады, алайда мыналардан артық емес:

      мерзімі бойынша - 24 (жиырма төрт) ай;

      сомасы бойынша – 20 (жиырма) миллион теңгеге дейін.

      26. Инновациялық жоба туралы шартта анықталған мерзім ішінде осы технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кезеңдік есеп бере отырып, Атырау облысының АӨК субъектілерінің кәсіпорындарында инновациялық технологияларды міндетті енгізген жағдайда Атырау облысының АӨК-нің субъектілеріне аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шаралар үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру беріледі.

      27. Аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат беруге технологияларды қолдану үшін объективтік қажеттілік және іріктеп алынған инновациялық технологияның бәсекеге қабілеттілік артықшылықтары негіз болып табылады.

3-тарау. Инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру тәртібі
1. Инновациялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бақылау

      28. Қаражаттың оның мақсатына сәйкес жұмсалуын тиімді бақылау мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім иесі ұсынған аралық есептерге сәйкес іс-шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

      29. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) іске асыру жөніндегі бүкіл құжаттаманың жасалған шарттың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Растайтын ақпараттың шарттың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мұндай ақпарат келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпарат беру немесе анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      30. Жұмсалған шығыстардың инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен жобаның бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында жобаны орындау барысында қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарту арқылы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:

      1) өтініш берушілердің бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың барысы туралы, оның ішінде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы және қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді ұсынуды;

      2) инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар шеңберінде атқарылған жұмыстарды ай сайын актілеуді;

      3) растайтын ақпарат шарттың талаптарына сәйкес болмаған немесе инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімдерде орындалмаған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қосымша іс-шаралар жүргізу немесе қосымша ақпарат беру туралы өтініш берушілерге хабардар етуді қамтитын ағымдағы қаржылық мониторингін жүзеге асырады.

      31. Өтініш берушіге қажет болғанда, инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу үрдісінде Іс-шаралар жоспарын іске асыруды жүзеге асыратын объектілерге Атырау облысының АӨК-де мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдары өкілдерінің қолжетімділігін, сондай-ақ олардың ресми сұрау салуы бойынша инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысты барлық қажетті ақпараттың беруін қамтамасыз етуге міндетті.

2. Нәтижелерді бағалау және қабылдау

      32. Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралардың нәтижелерін аралық бағалау инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қою арқылы жүзеге асырылады. Орындалған жұмыстардың аралық актілеріне жұмыстардың орындалуы мен қол жеткен нәтижелер фактісін растайтын барлық қажетті іс-құжаттар қоса беріледі.

      33. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін қорытынды бағалау іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі және келісімді көздейді:

      1) іске асырылған іс-шаралардың барлығының нәтижелілігінің жетістігін, сипаттамасын, сондай-ақ енгізіліп отырған ғылыми әзірлеменің тиімділігін арттыру және алынған тәжірибені одан әрі тарату бойынша ұсыныстарды қамти отырып, қорытынды есеп беру;

      2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуі, қаражаттың мақсатқа сәйкес және тиімді игерілуі бойынша Қаражат бөлу жөніндегі комиссияның қорытынды есебін бағалау;

      3) іс-шаралардың іске асыру жөніндегі орындалған жұмыстардың қорытынды актісіне қол қою.

      34. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) үш дана актісіне инновациялық жобаларды іске асыруға қатысқан өтініш берушілер арасында қол қойылады және бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бекітіледі.

      35.Өтініш берушілер бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысанда қорытынды және қаржылық есептер береді.

      36. Шартта көзделген барлық іс-шараларды орындау қорытындысы бойынша қорытынды есеп беріледі.

      37. Барлық есептер қағаз және электронды тасығыштарда беріледі.

      38. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініш берушінің аралық есептерін қарау мерзімі есеп берілген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды, ал қорытынды есеп берілген күннен бастап-бір айдан аспайды.

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 1-қосымша

Өтінім нысаны

1.

Тіркеу нөмірі және күні (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлерімен толтырады)


2.

Инновациялық жобаның атауы


3.

Атырау облысы АӨК-де инновациялық тәжірибе енгізіліп, таратылатын сала (кіші сала)


4.

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуы, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесін көрсету)


5.

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)


6.

Жобаның басталған және аяқталған күндері


7.

Сұратылған қаражаттың сомасы (теңге)


8.

Өтініш берушінің атауы, мекен-жайы, телефон/факсы, электрондық поштасының мекен-жайы


9.

Өтініш берушінің байланыс жасаушы тұлғасының аты-жөні, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы


10.

Инновациялық жобаның жетекшісі (ҒЗҰ қызметкері) (аты-жөні, лауазымы, телефон/факсы, электрондық поштасы көрсетіледі)


11.

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысатын АӨК субъектісінің атауы, мекенжайы, телефон/факсы, электрондық поштасы


  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 2-қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (атауын көрсету)

Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.





  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 3-қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба

      1. Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараның атауы

      2. Іс-шараны iске асыру орны: аудан, елдi мекен

      3. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаттары мен міндеттері (1 беттен артық емес)

      4. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi өтініш берушінің (ғылыми зерттеу ұйымының) және АӨК-і субъектілерiнің қысқаша сипаттамасы (1 беттен артық емес):

      1) толық атауы;

      2) инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi өтініш берушінің және АӨК субъектілер қызметінің сипаттамасы;

      3) басты мамандар, олардың атқаратын жұмыс түрлері (түйіндемесі және бiлiктiлiгін растайтын құжаттары қоса берілуі қажет);

      4) осы бағдарлама шеңберiнде басқа жобалардың iске асырылуы туралы ақпарат.

      АӨК субъектісінен өтініш жеке тұлға ретінде берілген жағдайда оның білімі, жасы, қызметінің негізгі түрі және жұмыс тәжірибесі көрсетілуі қажет.

      5. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесі: өндiрiстің осы сегментіндегі проблеманы, іс-шара қай мәселені шешуге бағытталғанын көрсету. Іс-шараны іске асырудың маңызы мен қажеттiлiгi, оның Атырау облысының АӨК-де технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнiмдiлiгіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен артық емес).

      6. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберінде атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады; өндiрiсте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізіп, көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан мен облыс экономикасы үшiн практикалық мәнін бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерін, ресурстардың қажеттiлігін көрсету қажет, соның ішінде Бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға қатысатын АӨК субъектiсінiң базасында ғылыми әзірлемелерді (технологияларды) енгiзу және тарату жөніндегі ҒЗҰ әдiснамасын көрсету (2 беттен артық емес).

      7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаларды iске асыру нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысынан көрсеткіштері. Жеткізушінің еңбек өнiмдiлiгін және ауданның (облыстың) экономикасын жақсартуға ықпалын бағалай отырып, нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиiс.

      Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып, көрсетіп Атырау облысының АӨК-ін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның мақсатқа сәйкестігін негіздеу (1 беттен артық емес).

      8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және Атырау облысының табиғат қорларына ықпалын бағалауды да қамтуы тиіс (оң, ықпал, ықпалсыз немесе кері ықпал). Кері ықпал еткен жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетінін көрсету қажет (0,5 беттен артық емес).

      9. Тәуекелдер: инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтаудағы негізгі тәуекелдер және мұндай тәуекелдерден өту жөніндегі шаралар (0,5 беттен артық емес).

      10. Жобаның бейімділігі: инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілер өндiрiсiнің қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгі орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен артық емес).

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 4-қосымша

Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы (атауын көрсету)

      мың теңге

Шығыстардың баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Еңбекақы
















1)

















2)

















2.

Іссапар шығыстары
















1)

















2)

















3.

Тікелей шығыстар
















1)

















2)

















4.

Қосымша үстеме шығындар
















Барлығы:
















      Ескертпе: Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың сметасы, инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әрбір жылына бөлек көрсетіледі.

      "Шығыстар бабы" бағанында бюджет қаражатынан қаржыландырылатын және өтініш берушілердің өз қаражатынан (болған жағдайда) жұмсалған шығыстар бөлек көрсетіледі.

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 5-қосымша

Аралық есептің нысаны

Есеп беру күні


Өтініш берушінің атауы


Шарттың нөмірі мен күні


Қаржыландырудың мақсаты


Қаржыландырудың сомасы


Есептілік кезеңі


Қол жеткізілген нәтижелер


Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)


Қорғау құжатының берілген күні мен нөмірі (бар болған жағдайда)


      Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

Әріптестік атауы

Шарттың атауы

Шарттың нөмірі және күні

Шарттың сомасы

Шарттың мерзімі

Ақы төлеу шарттары

1







      Инновациялық жобаның нәтижелерін одан әрі тарату жөніндегі іс-шаралар:

Әлеуетті әріптестік атауы

Іс-шара

Болжамды шығыстар сомасы

Шарт жасасудың болжамды мерзімдері

1





2





      Инновациялық жобаның нәтижелерін енгізудің нақты нысаны мен көлемдері:

Енгізу нысаны

Енгізу көлемдері\мың теңге\

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа өндірісін ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерін енгізу;




2

Жаңа агротехнологияны және/немесе қызметтерді енгізуді ұйымдастыру;




3

Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;




4

Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары




      Ескертпе: аралық және қорытынды есеп нысаны қаржыландырудың ерекшеліктеріне байланысты толтырылады.

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 6-қосымша

Қорытынды есептің нысаны

Есеп беру күні


Өтініш берушінің атауы


Шарттың нөмірі мен күні


Қаржыландырудың мақсаты


Қаржыландырудың сомасы


Есептілік кезеңі


Қол жеткізілген нәтижелер


Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)


Қорғау құжатының берілген күні мен нөмірі (бар болған жағдайда)


      Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

Әріптестік атауы

Шарттың атауы

Шарттың нөмірі және күні

Шарттың сомасы

Шарттың мерзімі

Ақы төлеу шарттары

1







      Инновациялық жобаның нәтижелерін одан әрі тарату жөніндегі іс-шаралар:

Әлеуетті әріптестік атауы

Іс-шара

Болжамды шығыстар сомасы

Шарт жасасудың болжамды мерзімдері

1





2





      Инновациялық жобаның нәтижелерін енгізудің нақты нысаны мен көлемдері:

Енгізу нысаны

Енгізу көлемдері\мың теңге\

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа өндірісін ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерін енгізу;




2

Жаңа агротехнологияны және/немесе қызметтерді енгізуді ұйымдастыру;




3

Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;




4

Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары




      Ескертпе: аралық және қорытынды есеп нысаны қаржыландырудың ерекшеліктеріне байланысты толтырылады.

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 7-қосымша

200_ жылғы "_" ______ № ___ шарт бойынша берілген нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп

Смета бойынша шығыстар баптарының атауы

Смета бойынша бюджеттік қаражаттың сомасы

Жұмсалған сома

Қаражат қалдығы

Растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








Барлығы:







      Ескертпе: мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуі қажет.

      Өтініш беруші _______________________ _________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

      Ескертпе: Нысаналы бюджеттік қаражатты пайдалану туралы қаржылық есеп жыл сайын Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына инновациялық жобаны іске асыру мерзімі ішінде беріледі.

  Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасына 8-қосымша

Өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша үлгі шарты

      № ____ "_____" ___________ 20__ ж.

      ____________________________ атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, ереженің негізінде әрекет ететін, " Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бір тараптан, және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, ________________________________ атынан, жарғының негiзiнде әрекет ететін ____________________________________(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      екінші тараптан, ___ ________ 20____ жылғы №____Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының шешiмін және _______ комиссия отырысының 20____ жылғы №_____ хаттамасын басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу және тарату бойынша осы Шартты жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша "АӨК-ді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша атқарылатын жұмыстарды Тапсырыс берушi мiндеттейдi, ал Орындаушы өзiне қабылдайды.

      Бағдарлама бойынша:

      Бағыты:

      Тақырыбы бойынша:

      1.2. Орындаушы ___________________________________ инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайларында қызмет көрсетуге мiндеттенеді:

      1) _________________________________________________________

      2) _________________________________________________________

      ) _________________________________________________________ "______________________________________________" әзірлеген және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын_________________________ инновациялық жобаға сәйкес.

      1.3. 201_ жыл iшiнде Орындаушының қызметтер көрсету мерзiмі.

      1.4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады:

      1) осы Шарт;

      2) осы шарттың 2-тармағында баяндалған инновациялық жобаның сипаттамасы (техникалық ерекшелік);

      3) инновацялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес);

      4) көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісі (осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес)

      1.5. Қызмет Тапсырыс берушi мен орындаушының арасында Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейiн көрсетілген болып есептеледi.

2. Біліктілік сипаттары мен экономикалық көрсеткіштер бойынша инновоциялық жобаның сипаттамасы

      2.1. Жұмыстың бағыты:

      2.2. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық):

      2.3. Атырау облысының АӨК-дегi қолданылатын саласы:

      2.4. Енгiзу мен таратудың нақты соңғы нәтижесі:

      2.5. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Орындаушы міндетті:

      3.1.1. ___________________________________________ инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес тиісінше сапалы қызметтер көрсетуге.

      3.1.2. Осы шарттың 1.3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде көрсетуге.

      3.1.3. Егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқыса, барлық айқындалған кемшiлiктерді Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге.

      3.1.4. Орындаушы осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетілген мерзімге дейін орындалған жұмыстар туралы толық қорытынды есеп беруге міндетті.

      3.2. Тапсырыс беруші:

      3.2.1. Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге.

      3.2.2. Орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғанға дейін Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын алғанға дейін Орындаушы көрсеткен қызметтердің бір бөлігіне тең белгіленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

4. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу шарттары

      4.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді қоса алғанда қызметтер көрсетуге байланысты бүкіл шығындардың құнын қоса есептегенде _____________ теңгені (жазбаша) құрайды.

      4.2. Тапсырыс беруші Орындаушының көрсеткен қызметтеріне мынадай тәртіппен ақы төлейді:

      Осы Шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Тапсырыс беруші Шарт сомасының 30 пайызы көлеміндегі соманы алдын ала төлейді.

      Бұдан кейінгі ақы төлеу нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы көрсеткен қызметтерге шот-фактура мен қабылдау-тапсыру актісі негізінде, алдын ала төлем толық өтелгеннен кейін, ай сайын жүргізіледі.

      4.3. Қаржыландыру көзі: _____________ облысының жергілікті бюджеті.

      4.4. Орындаушы және қосымша орындаушылар өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп жүргізуді және орындалған жұмыстың кезеңдері бойынша нақты құнына талдау жасауға міндетті.

5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртібі

      5.1. Бекітілген Атырау облысының АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына сәйкес ғылыми-техникалық және Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудың кезеңдерінде Орындаушы ресімдеп, тапсыруға жататын өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша орындалған жұмыстары туралы тоқсан сайынғы аралық есеп беруге міндеттенеді.

      5.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есепті осы Шарт орындалып біткеннен кейін ___________ жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруге міндетті.

      5.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге ___________ жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей орындалған жұмыстардың актісін береді.

      5.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен бұрын жұмыстарды қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы.

      5.5. Орындаушы жұмыстың кері нәтиже алуға немесе жұмыстарды бұдан әрі жүргізуді жалғастыру мақсатқа сәйкес еместігін жол бермеуі тиіс.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптар мен тәртіпте жауапкершілікті болады.

      6.2. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шартқа орындаушының ұсынылатын қызметтеріне ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

      6.3. Жұмыс көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда, Орындаушы бюджет табысына мерзімінен кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Шарттың жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

7. Дауларды шешу тәртібі

      7.1. Орындаушының тарапынан осы Шартта көзделмеген жағдайда тәртіп бұзылғаны анықталса, осы Шарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, Орындаушы осындай негізбен осы Шарттың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуді Тапсырыс берушіден талап етуге құқылы емес.

      7.2. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін жұмыстануы тиіс.

      7.3. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталған күннен кейін 21 күн ішінде тараптар Шарт бойынша өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенің шешілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ете алады.

8. Басқа да шарттар

      8.1. Шарт мемлекеттік және / немесе орыс тілінде жасалады.

      8.2. Осы Шарт үш данада жасалды. Үш дананың өзара айырмашылығы жоқ және бірдей күші бар.

      8.3. Шартқа сәйкес бір тараптан екінші тарапқа жолданатын кез келген хабарлама кейін түпнұсқасын ұсынумен хат, жеделхат, телекс немесе факс арқылы жіберіледі.

      8.4.Егер орындаушы кездейсоқ жағдайларды қоспағанда Шартта көзделген мерзімде қызметтерді ұсына алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Шарт шеңберіндегі өзінің өзге де құқығына нұқсан келтірместен әрбір кешіктірілген күн үшін Шарт құнының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының қосымша сомасы түрінде Шарт бағасынан ұстап қала алады.

      8.5.Егер Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан болса, оның талаптарының орындалмағаны үшін Орындаушы тұрақсыздық айыбының төленуіне немесе Шарттың бұзылуына жауапты болмайды.

      8.6. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Орындаушы тарапынан бақылауға бағынбайтын, алдын ала болжауға болмайтын сипаттағы және Орындаушының қателігіне немесе салдыр-салақтығына қатысы жоқ оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс жағдайы, табиғаттағы және дүлей апаттар, оба, карантин және қызметтерді көрсетуге эмбаргоны қамтуы, алайда мұндай әрекеттерімен шектелмеуі мүмкін.

      8.7. Форс-мажорлық жағдай туындағанда Жеткізуші мұндай жағдайлар мен олардың себебі туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен өзге жазбаша нұсқаулық келмесе, Орындаушы Шарт бойынша мақсаттылығына қарай міндеттемелерін орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайға қатысы жоқ тиімді жолдарын іздестіреді.

9. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

      Тапсырысшы: Орындаушы

      ________________ ________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.

      201_ жылға _____________ № __ шартқа 1-қосымша

Инновациялық жобаны(ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      1. Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараның атауы

      2. Іс-шараны iске асыру орны: аудан, елдi мекен

      3. Инновациялық жобаны(ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаттары мен міндеттері

      4.Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілерiнің және негiзгi өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) қысқаша сипаттамасы:

      1) толық атауы;

      2) АӨК субъектілерінің инновациялық жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушылардың және негізі өтінім берушінің қызметінің сипаттамасы;

      3) басты мамандар және олардың атқаратын жұмыс түрлері (түйіндемесі және бiлiктiлiгін растайтын құжаттарын қоса берілуі қажет);

      4) осы бағдарлама шеңберiнде басқа жобалардың iске асырылуы туралы ақпарат.

      АӨК субъектісінен өтініш жеке тұлға ретінде берілген жағдайда оның білімі, жасы, қызметінің негізгі түрі және жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

      5. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесі: өндiрiстің осы сегментіндегі проблеманы, іс-шара қай мәселенің шешiмiне бағытталғанын көрсету. Іс-шараны іске асырудың маңызы мен қажеттiлiгi, Атырау облысының АӨК технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнiмдiлiгіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен артық емес).

      6. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жоспарын iске асыру шеңберінде атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады; өндiрiсте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізіп көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан мен облыс экономикасы үшiн практикалық мәнін бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерін, ресурстардың қажеттiлігін көрсету қажет, сонымен бірге Бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға қатысатын АӨК субъектiсінiң базасында ғылыми әзірлемелерді (технологияларды) енгiзу және тарату жөніндегі ҒЗҰ әдiснамасын көрсету.

      7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу нәтижелерінің сандық мен сапалық көрсеткіштері. Өтініш берушінің еңбек өнiмдiлiгі мен өндіріс тиімділігі және ауданның (облыстың) экономикасын жақсартуға еткен ықпалын бағалай отырып нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиiс.

      Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстыра отырып, өңірдің АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның мақсатқа сәйкестігін негіздеу (1 беттен артық емес).

      8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және өңірдің табиғат қорларына ықпалын сипаттауды да қамтуы тиіс (оң ықпал, ықпалсыз немесе кері ықпал). Кері ықпал еткен жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетінін көрсету қажет (0,5 беттен артық емес).

      9. Тәуекелдер: Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды табыспен аяқтаудағы негізгі тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөніндегі шаралар.

      10. Жобаның бейімділігі: инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілер өндiрiсiнің қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет.

      201_ жылғы _____________№ __ шартқа 2-қосымша

201___ "____" __________ №______
Шарт бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі

      №_______ 201___ "____" _______

      Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________ негізінде әрекет ететін Тапсырыс берушінің атынан бірінші басшысы __________________________ бір тараптан және ________________________ атынан, Жарғыны негізге алып әрекет етуші ___________________________ екінші тараптан, 201___ "____" __________ №______ Шартқа сәйкес 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу"деген бюджеттік бағдарлама бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдады:

      1)

      2)

      3)

      Атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) құны __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Сома санмен және жазбаша, валюта атауы.

      Барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді қоса.

      Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған, Шарттың талаптарын қанағаттандырады. Тараптардың өзара наразылығы жоқ.

      Тапсырысшы: Орындаушы

      ________________ ________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады