Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 ақпандағы № 76-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 01 наурызда № 2703 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 маусымдағы № 105-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2013.06.12 № 105-V шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      Ескерту. 2 тармағының күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2013.03.28 № 86-V шешімімен.
      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Доспаева) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс Х сессиясының төрағасы                 Н. Сүйеуғалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады