Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Мақат аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 259 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 08 қазанда № 2781 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3, 13-баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Айтқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Умаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы Жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
А. Такешев
      18 қыркүйек 2013 жыл

  Мақат ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 259 қаулысына қосымша

Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 19.08.2022 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KЕ-41

Мақат-Бәйгетөбе автомобиль жолы

6,6

2

KЕ-42

Доссор кентіне кірме жолы

3,4

3

KЕ-43

Ескене бекетіне кірме жолы

6,87

4

KЕ-44

441 разъезіне кірме жолы

1,1

5

KЕ-45

469 разъезіне кірме жолы

5,7

6

KЕ-46

402 разъезіне кірме жолы

2,5

барлығы:

26,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады