Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 86 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде № 2271 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 210 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 28.09.2018 № 210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай өтемақы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 128 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж.Курманбеков
      Қалалық мәслихатының хатшысы К.Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады