2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 2510 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 30 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 06.01.2015 № 30 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазығұрт ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2–1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 705 қаулысымен бекітілген

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

қ/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздерi

1. 

«Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Тұрбат ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарапхана ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарбұлақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауылдық округтердiң әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

169

6000 үй

аудандық бюджет

2. 

«Ынтымақ» селолық тұтыну кооперативі, «Ынталы» селолық тұтыну кооперативі, «Қазығұрт» селолық тұтыну кооперативі, «Ақтас» селолық тұтыну кооперативі, «Шарбұлақ» селолық тұтыну кооперативі, «Шанақ» селолық тұтыну кооперативі

қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету аумақты абаттандыру және көгалдандыру

79

248000 шаршы метр

аудандық бюджет

3. 

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» республикалық мемлекеттiк мекемесі

азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату)

12

3500 дана

аудандық бюджет

4. 

«Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесі

жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)

30

1300 іс-құжат

аудандық бюджет

5. 

«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтiм көрсету, үй аралау

5

86 жалғызілікті қарттар,  82 мүгедек балалар

аудандық бюджет

6. 

«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету

8

5250 іс-құжат 50000 шаршы метр

аудандық бюджет

7. 

«Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

3

13 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

8

«Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

қоғамдық пiкiр сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек көрсету

4

13 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

9

«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу

3

1300 іс-құжат

аудандық бюджет

10

«Қазығұрт аудандық ауыл  шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

3

1300 іс-құжат

аудандық бюджет

11

«Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

8

3500 іс-құжат

аудандық бюджет

12

Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қазығұрт  коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау; абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету

20

100000 шаршы метр

70000 шаршы метр

аудандық бюджет

13

Қазығұрт аудандық шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

су жүйелерінің ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, су төлемдерін жинауға көмектесу

4

3000 метр

1500 үй

аудандық бюджет

14

«Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу, аула клубтарының жұмыстарын жүргiзу

1

13 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

15

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету

2

13 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

16

«Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі

кiтап қорын тексеруге көмек көрсету

4

11

700 дана

аудандық бюджет

17

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазығұрт ауданының Әдiлет басқармасы» мемлекеттiк мекемесі

мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша iздеу салу

4

600 іс-құжат, 800 үй,         200 сұраным

аудандық бюджет

18

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету  Департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

шақыру қағаздарын жеткiзу, мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру iстерiн қалыптастыру

4

1500 дана,   500 іс-құжат

аудандық бюджет

19

«Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу

3

1300 іс-құжат

аудандық бюджет

20

«Қазығұрт ауданының мұрағаты» мемлекеттiк мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу

3

4000 іс-құжат

аудандық бюджет

21

«Қазығұрт тынысы» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу

3

500 іс-құжат

аудандық бюджет

22

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу

4

3000 іс-құжат

аудандық бюджет

23

«Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

2

1200 іс-құжат

аудандық бюджет

24

«Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу

4

2500 дана

аудандық бюджет

25

алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





26

«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі

құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу

4

1500 іс -құжат

аудандық бюджет

27

«Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

7

3000 іс құжат

аудандық бюджет

28

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партия қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық филилалы

мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

4

1500 іс -құжат

аудандық бюджет

29

алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





30

Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қазығұрт аудандық бокс мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету

3

13 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет


Барлығы:


400



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады