Аудан аумағындағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 15-81-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 366 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 4 мамырда № 2281 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабына Мақтаарал аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде:
      Асықата кентінің шекарасының жалпы ауданы 393,4 га;
      Атакент кентінің шекарасының жалпы ауданы 688,8 га;
      Бірлік ауылдық округі Ленин жолы ауылының шекарасының жалпы ауданы 126,5 га;
      Еңбекші ауылдық округі Тәңірберген Жайлыбаев ауылының шекарасының жалпы ауданы 201,4 га;
      Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылының шекарасының жалпы ауданы 280,85 га;
      Жамбыл ауылдық округі Көкпарсай ауылының шекарасының жалпы ауданы 102,6 га;
      Жаңажол ауылдық округі Ақжол ауылының шекарасының жалпы ауданы 119,0 га;
      Жаңажол ауылдық округі Арайлы ауылының шекарасының жалпы ауданы 96,71 га;
      Жаңа жол ауылдық округі Жеңіс ауылының шекарасының жалпы ауданы 123,69 га;
      Жаңа жол ауылдық округі Нұрлыжол ауылының шекарасының жалпы ауданы 69,21 га;
      Жаңажол ауылдық округі Өргебас ауылының шекарасының жалпы ауданы 136,12 га;
      Жаңажол ауылдық округі Фирдоуси ауылының шекарасының жалпы ауданы 144,0 га;
      Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Көктөбе ауылының шекарасының жалпы ауданы 79,3 га;
      Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі Мырзатөбе ауылының шекарасының жалпы ауданы 89,5 га;
      Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылының шекарасының жалпы ауданы 86,1 га;
      Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылының шекарасының жалпы ауданы 261,8 га;
      Иіржар ауылдық округі 1-Май ауылының шекарасының жалпы ауданы 85,11 га;
      Иіржар ауылдық округі Алаш ауылының шекарасының жалпы ауданы 128,32 га;
      Иіржар ауылдық округі Азамат ауылының шекарасының жалпы ауданы 113,05 га;
      Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылының шекарасының жалпы ауданы 138,88 га;
      Қарақай ауылдық округі Еңбек ауылының шекарасының жалпы ауданы 64,5 га;
      Қызылқұм ауылдық округі Ақтөбе ауылының шекарасының жалпы ауданы 74,0 га;
      Қызылқұм ауылдық округі Первомайское ауылының шекарасының жалпы ауданы 77,35 га;
      Мақтаарал ауылдық округі Өркениет ауылының шекарасының жалпы ауданы 108,7 га;
      Мақтаарал ауылдық округі Азаттық ауылының шекарасының жалпы ауданы 25,6 га;
      Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының шекарасының жалпы ауданы 104,2 га болып белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Тұрбеков
      
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Байсбаев
      
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               О. Дәндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады