Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 772 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 19 маусымда № 2314 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 мамырдағы № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.05.2016 № 460 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Тұрбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады