Абай ауылы Абсаттар қажы, Жамбыл көшесінің 1 өткеліне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 23 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 11 маусымда № 2309 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 45 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің 01.10.2013 № 45 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 02-17/143 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Абай ауылы «Шығыс» мөлтек ауданында қаңғыбас ит құтыру ауруымен ауруына байланысты Абсаттар қажы, Жамбыл көшелеріне және Рысқұлов көшесінің 1 өткеліне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауылы әкімінің орынбасары М.Намазбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылының әкімі                        Р.Қармысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады