Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/4-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 2381 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 37/9-06 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 18.03.2019 № 37/9-06 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 36/10-05 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 36/10-05 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е. Сартбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады