Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 тамызда № 3035 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 313 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 313 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Хосчановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады