"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 10/3-V мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 17/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 тамызда № 3026 болып тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 24/9-V шешімімен

      Сноска. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 19.03.2014 № 24/9-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 10/3-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2752 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 желтоқсандағы "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8600 (сегіз мың алты жүз) теңге мөлшерінде беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Г. Абильмажинова

Глубокое аудандық



мәслихатының хатшысы

А. Баймульдинов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады