Орал қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту және бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 14-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 3306 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 27-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 14.12.2018 № 27-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен Орал қаласы болып айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес қызметін Орал қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
А. Шыныбеков

  Орал қалалық мәслихатының
2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 14-9 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты,
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген
жерлерге базалық салық ставкаларының
ұлғайтылуы

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Базалық ставкалар мөлшерінің ұлғаюы

1

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санаты

он есе

2

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санаты

он есе

  Орал қалалық мәслихатының
2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 14-9 шешіміне
2 қосымша

Қызметін Орал қаласы аумағында
жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігі

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

5

2

Бiреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

5

3

Ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер

бір компьютер

4

4

Ойын жолы

бір ойын жолы

20

5

Карт

бір карт

8

6

Бильярд үстелі

бір бильярд үстелі

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады