Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 ақпанда № 3174 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 30.05.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 12.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 409 ұсынысы негізінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы (бруцеллез) ауруларының профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 12.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 12.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарауылтөбе ауылдық
      округ әкімі Ғ. Ихсан

КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қазақстан Республикасы
 
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
 
Ветеринариялық бақылау
 
және қадағалау Комитетінің
 
Ақжайық аудандық аумақтық
 
инспекциясы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
 
_____________Р. Қайырлиев
 
18.01.2013 ж.
 
Қазақстан Республикасы
 
Денсаулық сақтау министрлігі
 
мемлекеттік санитарлық-
 
эпидемиологиялық қадағалау
 
Комитетінің Батыс Қазақстан
 
облысы бойынша департаменті
 
"Ақжайық ауданы бойынша
 
мемлекеттік санитарлық-
 
эпидемиологиялық қадағалау
 
басқармасы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
 
_____________Т. Сүлейменова
 
18.01.2013 ж.
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады