Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 наурызда № 3198 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1273 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 26.12.2013 № 1273 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1673 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Тусупкалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитеті "Бөрлі
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бас
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық инспекторы
      Каирмуханова Шолпан Амангельдиновна
      _____________ қолы
      22.02.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады