Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 "Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 505 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 3305 болып тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы N 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 100 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 "Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-134 тіркелді, 2012 жылғы 30 тамызда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері жазғы демалыс кезеңінде.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жұктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Тусупкалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады