Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 маусымда № 3294 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 11.12.2014 № 11 шешімімен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 62 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, әкім ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақбұлақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы-мал дәрігері Б. Қодароваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округінің әкімі          С. Уржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады