Халықтың нысаналы топтарын және 2014 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 158-85 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 800 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 09.02.2015 № 158-202 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 57-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      2) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      3) елу жасқа толған тұлғалар;
      4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      6) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
      7) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      8) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
      10) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
      12) мүгедектер;
      13) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
      14) оралмандар;
      15) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      16) табысы аз адамдар;
      17) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын Басқармаға толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
      4. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.
      5. Астана қаласы әкімдігінің «Халықтың нысаналы топтарын және 2013 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 158-40 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 767 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 2 ақпандағы № 14, «Вечерняя Астана» газетінің 2013 жылғы 2 ақпандағы № 15 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады