Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қарашада № 4432 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10, 11 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Ақмола облыстық мәслихатының "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен тузету коэффициенттерін бекіту туралы" 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № C-22-6 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1508 тіркелген, "Арқа ажары" газетінде 2003 жылдың 4 наурызында № 29 және "Акмолинская правда" газетінде 2003 жылдың 20 ақпанында № 21 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Л.Багапова
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Н.Дьячек

  Ақмола облыстық мәслихатының
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 5С-30-6 шешіміне
қосымша

Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 11.04.2023 № 8С-2-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақ номері

Бағалау аймақтардың шекаралары

Түзету коэффициенттері

1

-

Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің су қорғау аймақтары

2

2

I-1

Е. Н. Әуелбеков көшесі А. Пушкин көшесінің қиылысына дейін, А. Пушкин көшесі бойынша Бәйкен Әшімов көшесінің қиылысына дейін, Бәйкен Әшімов көшесі бойынша Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысына дейін, Талғат Бигелдинов көшесі бойынша Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесі бойынша Жұмабек Тәшенов көшесінің қиылысына дейін, Жұмабек Тәшенов көшесі бойынша Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін, Жамбыл Жабаев көшесі бойынша Ілияс Есенберлин көшесінің қиылысына дейін, Ілияс Есенберлин көшесі бойынша Бәйкен Әшімов көшесінің қиылысына дейін, Бәйкен Әшімов көшесі бойынша Н. Вавилов көшесінің қиылысына дейін, Н. Вавилов көшесі бойынша Дзержинский көшесінің қиылысына дейін.

2

3

II-1

Жамбыл Жабаев көшесі Ілияс Есенберлин көшесінің қиылысына дейін, Ілияс Есенберлин көшесі бойынша Бәйкен Әшімов көшесінің қиылысына дейін, Бәйкен Әшімов көшесі бойынша Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін, Сәкен Сейфуллин көшесі бойынша Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесі бойынша Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін, Кенесары Қасымұлы көшесі бойынша Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін, Жамбыл Жабаев көшесі бойынша Н. Вавилов көшесінің қиылысына дейін, Н. Вавилов көшесі бойынша Сырымбет көшесінің қиылысына дейін, Сырымбет көшесі бойынша Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін, Кенесары Қасымұлы көшесі бойынша Сұлтан Баймағамбетов көшесінің қиылысына дейін, Сұлтан Баймағамбетов көшесі бойынша Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс көшесі бойынша Сарыжайлау көшесінің қиылысына дейін, Сарыжайлау көшесі бойынша Әлихан Бөкейхан көшесінің қиылысына дейін, Әлихан Бөкейхан көшесі бойынша Гвардейская көшесінің қиылысына дейін, Гвардейская көшесі бойынша Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін, Шахмет Құсайынов көшесі бойынша Жұмабек Тәшенов көшесінің қиылысына дейін, Жұмабек Тәшенов көшесі бойынша Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін.

1,9

4

II-2

Жұмабек Тәшенов көшесі Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесі бойынша Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін, Шахмет Құсайынов көшесі бойынша Жұмабек Тәшенов көшесінің қиылысына дейін.

1,95

5

II-3

Н. Вавилов көшесі Қопа көлінің су қорғау аймағына дейін, Қопа көлінің су қорғау аймағының шекарасы бойынша Көкшетау – Қостанай автотрассасының бойымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасы бойынша Көкшетау – Зеренді автотрассасына дейін, Көкшетау – Зеренді автотрассасының бойымен Н. Вавилов көшесіне дейін.

1,65

6

ІІ-4

Аймақ Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің су қорғау аймақтарының шекарасы бойынша, Т. Сүлейменов көшесі бойымен, Центральный және Васильковский шағын аудандарын қоса орналасқан.

1,95

7

ІІІ-1

Кенесары Қасымұлы көшесі Сырымбет көшесінің қиылысына дейін, Сырымбет және Н. Вавилов көшелері бойынша Көкшетау – Зеренді автотрассасына дейін, Көкшетау – Зеренді автотрассасының, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі шекарасының және айналым жолының бойымен Кенесары Қасымұлы және Сырымбет көшелерінің қиылысына дейін.

1,55

8

ІІІ-2

Кенесары Қасымұлы көшесі Сұлтан Баймағамбетов көшесінің қиылысына дейін, Сұлтан Баймағамбетов көшесі бойынша Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс көшесі бойынша Сарыжайлау көшесінің қиылысына дейін, Сарыжайлау көшесі бойынша Әлихан Бөкейхан көшесінің қиылысына дейін, Әлихан Бөкейхан көшесі бойынша Гвардейская көшесінің қиылысына дейін, Гвардейская көшесі бойынша Шахмет Құсайынов және Біржан сал көшелерінің қиылысына дейін, Біржан сал көшесі бойынша Сұлутөбе көшесінің қиылысына дейін, Сұлутөбе көшесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойынша айналым жолға дейін, айналым жолдың бойымен Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін.

1,2

9

ІІІ-3

Шахмет Құсайынов көшесі Жұмабек Тәшенов көшесінің қиылысына дейін, Жұмабек Тәшенов көшесі бойынша айналым жолының қиылысына дейін, айналым жолының бойымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойынша Сұлутөбе көшесінің қиылысына дейін, Сұлутөбе көшесі бойынша Біржан сал көшесінің қиылысына дейін, Біржан сал көшесі бойынша Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін.

1,55

10

ІІІ-4

Шоқан Уәлиханов көшесі айналым жолға дейін, айналым жолдың бойымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасының бойымен Демещенко көшесінің қиылысына дейін, Демещенко көшесі бойынша Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін, Шахмет Құсайынов көшесі бойынша Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін.

1,35

11

ІІІ-5

Аймақ Көкшетау – Красный Яр автожолының, "Маяк" баубақша серіктестігінің, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Көкшетау – Қостанай автожолы арасында орналасқан.

1,15

12

ІV-1

Аймақ темір жол шекарасының бойымен өтеді, Л. Чайкина көшесі бойынша Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Кошевой көшесінен Никитин көшесінің қиылысына дейін.

1,4

13

IV-2

Бірлік шағын ауданы "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін.

1,25

14

IV-3

Аймақ Көкшетау – Зеренді айналым автожолының бойымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін өтеді.

1,15

15

IV-4

Аймаққа жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан Сарыарқа шағын ауданы кіреді.

1,55

16

ІV-5

Аймаққа Галочья сопка қосымша шаруашылығы кіреді.

0,8

17

ІV-6

Аймақ батыс жағынан Шағалалы өзенінің су қорғау аймағының бойымен өтеді, оңтүстік–шығыс жағынан "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен шекаралас, солтүстік–шығыс жағынан "Маяк" бау-бақша шаруашылығымен және 11 аймақпен шекаралас.

0,8

18

І-П

Аймақ Талғат Бигелдинов көшесі бойынша Бәйкен Әшімов көшесінің қиылысына дейін, Бәйкен Әшімов көшесі бойынша А. Пушкин көшесінің қиылысына дейін, А. Пушкин көшесі бойынша Е. Н. Әуелбеков көшесінің қиылысына дейін, Е. Н. Әуелбеков көшесі бойынша Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін, Қылшақты өзенінің су қорғау аймағының шекарасына дейін, "Агромашхолдинг KZ" акционерлік қоғамының шекарасынан Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесі бойынша Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысына дейін өтеді.

1,65

19

ІІ-П

Аймаққа "Жеке Батыр" базарының, гараждар мен қазақ педагогикалық колледжінің аудандары кіреді.

1,55

20

ІІІ-П

Аймақ оңтүстік жағынан Қылшақты өзенінің су қорғау аймағы бойымен, батыс жағынан Т. Сүлейменов көшесі бойынша қала шекарасына дейін, шығыс жағынан қаланың шекарасынан темір жол бойымен өтеді.

1,55

21

IV-П

Аймақ солтүстік–батыс жағынан темір жолдың бойымен өтеді, 12 аймақпен шекаралас, шығыс жағынан 13 аймақпен, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мекемесімен шекаралас, оңтүстік жағынан Қылшақты өзенінің су қорғау аймағының бойымен өтеді.

1,55

22

-

Темір жол аумағына кіретін аймақ

1,65

23

-

Станционный кенті

1,95

24

-

Шағалалы өзенінің су қорғау аймағын қоспағанда Краснояр ауылдық округінің Красный Яр ауылы.

1,95

25

-

Краснояр ауылдық округінің Шағалалы өзенінің су қорғау аймағына кіретін, соның ішінде бұрынғы Чайкино кенті кіретін аймағы.

2

26

-

Краснояр ауылдық округінің Кызыл Жұлдыз ауылы

0,9



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады