Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/571 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 4544 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ А-11/571 қаулысымен 
бекітілді      

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің ережелерін бекіту барысында бірыңғай көзқарастарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлермен, сондай-ақ білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналарымен және білім беру ұйымдарының басқа да заңды өкілдерімен білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларымен өздеріне жүктелген міндеттердің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі

      4. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:
      білім беру ұйымдары әкімшілігінің және педагогтардың білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара әрекет етуі;
      оқу-тәрбиелеу үдерісі қатысушыларының міндеттері;
      білім алушылармен, тәрбиеленушілермен білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымдары жұмысының басталу мен аяқталу уақыты және үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтылығы қарастырылады;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі.
      5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының және басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен танысуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады