Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 4593 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-36/3 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3969 тіркелген, 2014 жылдың 23 қаңтарында «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген, Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына:
      8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініші Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағымен анықталады.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Смагин

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛГЕН

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады