Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 31/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 4354 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2 тараудың 9 тармағының 1), 2) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары – коммуналдық қызмет шығындары үшін 100 пайыз мөлшерінде ай сайын сумен, канализация, жылумен, қоқыс тазалау, электрмен, қатты отын, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), газбен қамтамасыз ету үшін қызмет жеткізушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен;

      2) күндізгі бөлімшелерде оқитын аз қамтамасыз етілген, ауылдық жерлердің көпбалалы отбасылардың колледж студенттері – оқудың құны мөлшерінде;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
С.Жакенова
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ

      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады