2015 жылға Ерейментау ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № а-12/633 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 4546 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Ерейментау ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездiк, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын, жұктырылған иммун тапшылығы синдромымен, адамның иммун тапшылығы вирус инфекциясы жұқтырылған тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      5) бұрында жұмыс істемеген тұлғалар (жұмыс өтілі жоқ).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау ауданының әкімі                 Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады