Ерейментау ауданының Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Сілеті ауылы әкімінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 4222 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Сілеті ауылы әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Сілеті ауылы әкімінің 26.09.2016 № 5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 01-30-300 ұсынысы негізінде, Сілеті ауылы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданының Сілеті ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сілеті ауылының
әкімі
Ж.Амангелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады