Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 мамырда № 4205 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 19.05.2017 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 01-30-230 ұсынысы негізінде, Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Еркіншілік ауылдық
округінің әкімі
Ж.Амангелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады