Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № а-6/248 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қазанда № 4384 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № а-5/106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 27.05.2015 № а-5/106 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Шәуеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Садуақасұлы

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы  
№ а-6/248 қаулысымен    
бекітілді          

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы

      1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы (бұдан әрі - қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлем ақысының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс түрін, тұрғын үй емес жайдың түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушылардың ұйымдастырушылық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффицент мөлшерінің негізінде анықталады және формула бойынша іске асырылады:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кжд х Кр х Кқт х Кұқн,
      мұндағы:
      Ап – бір жылда аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Бс – жылына 1 шаршы метр теңгеге жалға алу төлемінің негізгі мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын жай, шаршы метр, соның ішінде жалпы пайдалану орнына жалдаушының қолжетімін есепке алатын жалға берілетін алаңның 25 пайызы;
      Кт – құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй жайдың түрін есепке алатын коэффициент;
      Кжд – жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент;
      Кр – аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент;
      Кқт – жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент;
      Кұқн – жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық мүлікті балансында ұстаушы жалға алушының алған үй-жайының нақты үй-жайларының өлшеміне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam / 100 х Кп
      мұндағы:
      Ап – жылына жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозу есептелген жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam – Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 120 бабына сәйкес тозудың шекті нормалары;
      Кп – төмендету коэффициенті (0,5 көлемінде сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,8 мөлшерінде 60 пайыздан артық жабдықтың, көлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың тозуы кезінде қолданады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін сағат бойынша мүліктік жалға беру, сонымен қатар аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысын есептеу келесі формула бойынша іске асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24
      мұндағы:
      Ач – бір сағатқа аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа пайдаланылмайтын заттарға жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Ап – осы Қағиданың 2 және 3 тармақтарында аталған жалға алу мөлшерлемесі;
      Д – мүліктік жалға берілетін (жалға алынатын) объектілерге тапсыруды іске асыратын бір ай ішіндегі күндердің саны.

Аудандық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалға алу төлемінің
есептік мөлшерлемесін есептеу
қағидасына қосымша      

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері және негізгі мөлшерлемесі

Негізгі мөлшерлеме

1,5 айлық есептік көрсеткіш

№ р/с

Коэффициенттердің түрлері

Коэффициенттердің мөлшері

1

Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік, әкімшілік, қоғамдық

1,0

1.2 ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік

0,8

1.3 қоймалық, гараждық, қазандық

0,7

2

Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк)


2.1 ғимарат немесе ғимараттағы жай

1,2

2.2 жалғастыра салынған бөлігі

0,9

2.3 цоколдық (жартылай жертөбе) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі, төбесі

0,6

3

Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуаты, канализация) қандай да коммуникация түрі болмаған жағдайда 0,5-ке азаяды

2,0

4

Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр)


4.1 қала, кент (аудан орталығы)

0,9

4.2 село, кент

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт):


5.1 брокерлік қызмет және кеден қызметін көрсету, банктер, ломбардтар, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды конторлар, адвокаттық конторлар, зергерлік шеберханалар үшін

3,0

5.2 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерімен айналысатын ұйымдастыру үшін

1,5

5.3 облыста білім беретін қызметтерді ұйымдастыруға арналған:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
2) орта білім беру;
3) жоғары, техникалық және кәсіптік білім

0,8

0,9

1,1

5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.5 бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік білім беруде жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың, тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін, және оқу орындарының жатақханалары

0,5

5.6 мемлекеттік мекемелер орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

0,9

5.7 мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жайларда, осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

1,2

5.8 жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және қатты тұрмыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру үшін

0,5

5.9 пошта қызметі саласындағы қызметтерді ұсыну үшін

1,0

5.10 басқалар үшін

1,5

6

Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):


6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін (үкіметтік емес ұйымдардан басқа)

0,5

6.2 үкіметтік емес ұйымдар үшін

0,2

6.3 басқалар үшін

1,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады