2014 жылға арналған Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/18 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 ақпанда № 4005 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына және 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады