Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 наурызда № 4036 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 161/29-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 161/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
М.Байшолақов
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Р.Түлкібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі Б.Мауленов
      "Целиноград ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Төлегенова
      "Целиноград ауданының
сәулет және қалақұрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Ж.Нұрқасымов


  Целиноград аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
13 ақпандағы № 185/26-5
шешіміне 1-қосымша

Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ шекарасының сипаттамасы

1

2

3

І

2,0

Аймақ Ақмол ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік-батыс жақтан аймақ шекарасы "Астана-Қорғалжын" қатынасындағы автокөлік жолы бойынша өтеді. Солтүстік шығыс жағынан шекара "Алжир" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, № 5 орта мектебінің, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының солтүстік-шығыс шекараларынан өтетін жылу беру жүйесі бойынан, 2-шағын ауданының оңтүстік-батыс шекарасынан Жалаңаш көліне дейін өтеді. Шығыс жағынан аймақ шекарасы Жалаңаш өзенінің бойынан өтеді. Оңтүстік жағынан шекара Ш.Исенов көшесі бойынша "Акмола-Феникс Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер телімдерінің шекарасы бойынша өтеді. Гараж кооперативін қосу арқылы саябақ аймағына дейін. Оңтүстік-шығыс жағынан шекара тұрғын массивін қосу арқылы оңтүстікке қарай саябақ аймағының жолы бойынша, солтүстікке қарай "Өрт сөндіру қызметі" мемлекеттік мекемесі учаскесіне солтүстікке қарай орналасқан бұрынғы бақ шаруашылығы бірлестігі жерлерін қосу арқылы "Астана-Дор-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне солтүстікке қарай жол бойынша өтеді.

ІІ

2,0

Аймақ Ақмол ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік бөлікте шекара "Астана-Қорғалжын" автожолы бойынша өтеді және одан тыс жердегі "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің нысандарын қосады. Шығыс бөлігінде аймақ шекарасы демалыс аймағын қосу арқылы бас жоспармен жобаланған 3-шағын ауданы мен Жалаңаш көлінің шекарасы бойынша өтеді. Аймақтың оңтүстік-батыс шекарасы 2-шағын ауданы бойынан өтетін жылу беру жүйесі бойынша, № 5 орта мектебі мен "Жұлдыз" балабақшасы арасында, "Алжир" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан "Астана-Қорғалжын" автожолына дейінгі шекаралар бойынан өтеді.

ІІІ

2,0

Аймақ Ақмол ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік-шығыс бөлігінде шекара "Астана-Қорғалжын" автожолының бойынан өтеді. Солтүстік бөлігінде бірінші аймақпен шекараласады, шығысында Жалаңаш көлінің бойынан өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде автожол бойынша өтеді және "Акмола-Феникс Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Ақмола пайдалану бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, тазарту құрылыстары жерлерін қосады.

 
  Целиноград аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
13 ақпандағы № 185/26-5
шешіміне 2-ші қосымша

Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 17.03.2020 № 389/58-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақ

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

І

2,0

01-011-009 Нұресіл ауылы (Нұресіл ауылдық округі)

01-011-015 Қараөткел ауылы (Қараөткел ауылдық округі)

01-011-016 Қосшы ауылы (Қосшы ауылдық округі)

01-011-034 (-035) Қабанбай батыр ауылы (Қабанбай батыр ауылдық округі)

01-011-046 Софиевка ауылы (Софиевка ауылдық округі)

01-011-002 Арайлы ауылы (Арайлы ауылдық округі)

01-011-068 Талапкер ауылы (Талапкер ауылдық округі)

01-011-069 Қоянды ауылы

01-011-023 Өтеміс ауылы (Ақмол ауылдық округі)

01-011-033 Рахымжан Қошқарбаев ауылы (Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі)

01-011-070 Қаражар ауылы (Қараөткел ауылдық округі)

01-011-081 Қызылжар ауылы (Қабанбай батыр ауылдық округі)

01-011-085 Шұбар ауылы (Қызыл суат ауылдық округі)


01-011-064 Раздольное ауылы (Нұресіл ауылдық округі)

01-011-072 Тайтөбе ауылы (Қосшы ауылдық округі)

01-011-057 Төңкеріс ауылы (Арайлы ауылдық округі)

01-011-060 Ынтымақ ауылы (Арайлы ауылдық округі)

01-011-010 Қажымұқан ауылы (Талапкер ауылдық округі)

01-011-086 Қызыл суат ауылы (Қызыл суат ауылдық округі)

01-011-088 Аққайың ауылы (Қызыл суат ауылдық округі)

01-011-065 Жаңа Жайнақ ауылы (Нұресіл ауылдық округі)

01-011-059 Жайнақ станциясы (Арайлы ауылдық округі)

01-011-091 Ыбырай Алтынсарин ауылы (Талапкер ауылдық округі)

01-011-080 Нұра ауылы (Қабанбай батыр ауылдық округі)

01-011-077 Преображенка ауылы (Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі)

01-011-075 Қаратомар ауылы (Шалқар ауылдық округі)

01-011-071 Жаңажол ауылы (Қараөткел ауылдық округі)

01-011-082 Сарыадыр ауылы (Қабанбай батыр ауылдық округі)

01-011-089 Жабай ауылы (Софиевка ауылдық округі)

ІІ

1,55

01-011-027 Оразақ ауылы (Оразақ ауылдық округі)

01-011-028 Шалқар ауылы (Шалқар ауылдық округі)

01-011-076 Мәншүк ауылы

01-011-007 Жаңаесіл ауылы (Жаңаесіл ауылдық округі)

01-011-061 Родина ауылы (Родина ауылдық округі)

01-011-055 Тасты ауылы (Тасты ауылдық округі)

ІІІ

1,05

01-011-047 Приречное ауылы (Приречный ауылдық округі)

01-011-031 Жалғызқұдық ауылы (Жарлыкөл ауылдық округі)

01-011-073 Бірлік ауылы (Оразақ ауылдық округі)

01-011-074 Отаутүскен ауылы (Шалқар ауылдық округі)

01-011-001 Қараменді батыр ауылы (Жаңаесіл ауылдық округі)

01-011-003 Тастақ станциясы (Тасты ауылдық округі)

01-011-058 Қосшоқы станциясы (Арайлы ауылдық округі)

01-011-006 Садовое ауылы (Родина ауылдық округі)

ІV

0,79

01-011-063 Мортық ауылы (Жаңаесіл ауылдық округі)

01-011-062 Зеленый Гай ауылы (Родина ауылдық округі)

01-011-056 Ақмешіт ауылы (Тасты ауылдық округі)

01-011-090 Опан ауылы (Приречный ауылдық округі)

01-011-036 Сарыкөл ауылы (Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі)

01-011-030 Жарлыкөл ауылы (Жарлыкөл ауылдық округі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады