Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 маусымда № 3947 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округінің әкімінің 25.12.2015 № 6 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының орынбасарының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 5-2/289 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Жұмақұловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Благодар ауылдық округінің әкімі
Б. Дарин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады