Алға ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмектің көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 152 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3877 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.02.2016 № 258 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өрт немесе табиғи зілзаланың кесірінен болған өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек белгіленсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Р. Кенжегарин
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Кайрушев

  Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 152 шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 150 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 100 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 100 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына - 80 мың теңге мөлшерінде;
      зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға - 60 мың теңге мөлшерінде;
      мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға - 80 мың теңге мөлшерінде;
      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға - 50 мың теңге мөлшерінде;
      көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға – 60 мың теңге мөлшерінде;
      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне - 60 мың теңге мөлшерінде;
      аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) - 20 мың теңге мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады