Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 4014 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімінің 10.04.2015 № 14 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық испекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық испекторының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 1-26/372 ұсынысының негізінде Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің "Ел-Қоныс" шаруа қожалығы аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау "Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Э.Жапетоваға жүктелсін.
       Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Еңбек ауылдық округі әкімінің м.а: К.Есенгужина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады