Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қарашада № 4056 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 20.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3647 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н. Изтлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады