Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 02 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 3846 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 05 маусымдағы № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 05.06.2014 № 03 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 04 сәуірдегі № 15-4/63 ұсынысы негізінде Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Табантал ауылдық округінің Коптоғай ауылының «Живагропром Коптоғай» жеке шаруа қожалығында ұсақ мүйізді мал арасында листериоз ауруы анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Ж.Мулбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Табантал ауылдық округінің әкімі           Ш.Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады