Жандосов ауылдық округіндегі Жандосов, Шалқар, Қайрат ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру және Жандосов ауылының Алатау көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 10-54 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 02 желтоқсанда № 2938 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жандосов ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жандосов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жандосов ауылдық округіндегі Жандосов ауылының "Алатау" көшесі "Батан Тәжіұлы Темірбеков" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Жандосов ауылдық округінің Жандосов ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Жандосов ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Алаш", екінші көшеге "Баянды", үшінші көшеге "Жаңа ауыл", төртінші көшеге "Шығыс", бесінші көшеге "Самұрық", алтыншы көшеге "Жұлдыз", жетінші көшеге "Қазына", сегізінші көшеге "Көктем", тоғызыншы көшеге "Аққайың", оныншы көшеге "Балауса", он бірінші көшеге "Парасат", он екінші көшеге "Бозторғай", он үшінші көшеге "Атамекен", он төртінші көшеге "Бәйтерек", он бесінші көшеге "Қызғалдақ", он алтыншы көшеге "Көкжиек", он жетінші көшеге "Ақтілек", он сегізінші көшеге "Шұғыла", он тоғызыншы көшеге "Балбұлақ", жиырмасыншы көшеге "Шөладыр", жиырма бірінші көшеге "Құлагер", жиырма екінші көшеге "Балдәурен", жиырма үшінші көшеге "Алмарасан", жиырма төртінші көшеге "Алмалы", жиырма бесінші көшеге "Балғын", жиырма алтыншы көшеге "Қарасу", жиырма жетінші көшеге "Шапағат", жиырма сегізінші көшеге "Айдарлы";
      2) Жандосов ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Мойнақ", екінші көшеге "Асылтас", үшінші көшеге "Құнарлы", төртінші көшеге "Ынтымақ", бесінші көшеге "Жаңалық";
      3) Жандосов ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Маралды";
      4) Жандосов ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Нұрлы", екінші көшеге "Қыран", үшінші көшеге "Жағажай", төртінші көшеге "Ақсу", бесінші көшеге "Жайлау", алтыншы көшеге "Мамыр";
      5) Жандосов ауылының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Сайран", екінші көшеге "Табия Қаражанова", үшінші көшеге "Қасқасу", төртінші көшеге "Ақбастау", бесінші көшеге "Береке", алтыншы көшеге "Ақжайық", жетінші көшеге "Тастыбұлақ", сегізінші көшеге "Жалын", тоғызыншы көшеге "Жусан", оныншы көшеге "Сәйгүлік", он бірінші көшеге "Талапкер";
      6) Жандосов ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Саяжай".
      3. Жандосов ауылдық округінің Шалқар ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Шалқар ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Сапарлы";
      2) Шалқар ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Аққайнар";
      3) Шалқар ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Долана", екінші көшеге "Ақжазық";
      4) Шалқар ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Ертіс", екінші көшге "Көлсай", үшінші көшеге "Таңқурай", төртінші көшеге "Жайық", бесінші көшеге "Желтоқсан", алтыншы көшеге "Алпамыс", жетінші көшеге "Жастар", сегізінші көшеге "Болашақ".
      4. Жандосов ауылдық округінің Қайрат ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Қайрат ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Шиелі", екінші көшеге "Көгершін";
      2) Қайрат ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Қызылжар";
      3) Қайрат ауылының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Бірлік", екінші көшеге "Қайрат".
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Б. Сейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады