Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 02 маусымдағы № 9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда № 2745 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 26.09.2014 № 12 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 16-01-102 ұсынысы негізінде Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1.Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында ұсақ мүйізді және ірі қара малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдыбұлақ ауылдық округінің ветеренариялық пункт меңгерушісі Уали Ерлан Өміржанұлына жүктелсін.
      3.Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                У. Әжібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кербұлақ аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасының Мемлекеттік мекемесінің
      Басшы м.а                                  Е.О. Ешкенов
      02 маусым 2014 жыл

      "Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы"
      Мемлекеттік мекемесінің басшысы            С.Н. Тоқабаев
      02 маусым 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады