Темірбек ауылдық округінің Шахан ауылы аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 2389 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына және Байзақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 10 қазандағы № 313 ұсынысы негізінде Темірбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Уақ малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Темірбек ауылдық округінің Шахан ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Кенжеқұлов Жеңіс Айтбекұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі А. Амиров

       "Темірбек ауылдық округінің Шахан ауылы аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы" Темірбек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 10 шешіміне келісім парағы
      "КЕЛІСІЛДІ":
      Жамбыл облыстық Ішкі істер
      департаментінің "Аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Абдезов
      5 қараша 2014 жыл
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі "Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М. Төлтаев
      5 қараша 2014 жыл
      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау Департаментінің Байзақ аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      Аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау" басқармасының басшысы
      А. Төлепбергенов
      5 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады