Талас ауданы Аққұм ауылдық округі аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 255 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 тамызда № 2287 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 31.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес және Талас аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 111 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Талас ауданы Аққұм ауылдық округі аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Майкеновке Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Р. Ағыбаевпен (келісімі бойынша), "Талас ауданы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Г. Махановамен (келісімі бойынша), "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Талас аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. Айхимбековпен (келісімі бойынша) бірлесе отырып, тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      ауыл шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Талас аудандық

      аумақтық инспекциясының басшысы

      Р. Ағыбаев

      30 маусым 2014 ж.

      "Талас ауданы бойынша тұтынушылар

      құқығын қорғау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Г. Маханова

      30 маусым 2014 ж.

      "Жамбыл облыстық Ішкі істер

      департаментінің Талас аудандық

      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      А. Айхимбеков

      30 маусым 2014 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады