Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы 28 сессиясының № 285 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 2576 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 15.09.2014 N 373 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 15.09.2014 N 373 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. 2014 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының келесі мөлшерлері ұсынылсын:

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 15.09.2014 N 373 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданның бюджет және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. Эммерих

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады