Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі 35 сессиясының № 376 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда № 2788 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 830 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 05.05.2020 № 830 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 16.01.2018 № 404 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаров аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Нурканов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады