Қармыс елді мекенінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Шет ауданы Шет ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 қарашада № 2809 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округінің әкімінің 19.11.2015 № 02 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» №407 қаулысына сәйкес, Шет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Қармыс елді мекенінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Әкім

Т.Беркімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады