Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы N 745 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы N 223 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қарашада N 4801 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының мына көшелері:

      1) Береке көшесі Мерғали Ибраев есімімен;

      2) Жалағаш көшесі Оралхан Камардинов есімімен;

      3) Проектная көшесі Алексей Донской есімімен;

      4) Сәулет - 9 көшесі Абайділдә Дәулетбаев есімімен;

      5) Сәулет - 27 көшесі Шәдібай Абдуллаев есімімен;

      6) "Саяхат - 2" көшесі Әнес Өтегенов есімімен;

      7) "Саяхат - 4" көшесі Абылай Айдосов есімімен қайта аталсын.

      2. Қызылорда қаласының "Арай" мөлтек ауданындағы Оралбек Әбдімомынов көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көшеге Ұзақ Оралбай есімі берілсін.

      3. Алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 329 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық
мәслихатының кезектен тыс
31-сессиясының төрағасы
Қ. Бисенов
      Қызылорда облыстық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
Н. Ерманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады