Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы N 187. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде N 4737 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 223 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 28.12.2018 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезекті
      28-сессиясының төрағасы Ә. Дәуленбаев
      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Наятұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады