Диірментөбе ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі N 214 шешімі және Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі N 519 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 қазанда N 4784 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5–тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Диірментөбе ауылының шекарасы (шегі) жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 100 гектар болып белгіленсін.
      2. Осы қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қармақшы ауданының әкімі
      Қармақшы аудандық мәслихатының
      кезекті 32-сессия төрағасы
      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы

Н.Шамұратов
 
С.Жолымбетов
 
М. Наятұлы


Қармақшы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы « 24 » қыркүйектегі
№ 519 қаулысына және
Қармақшы аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
« 24 » қыркүйектегі № 214
шешіміне қосымша

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Диірментөбе ауылы жерлерінің экспликациясы
 

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар):

Ауыл шаруашылығы алқаптары

Басқа да жерлер

егістік

жайылым

1

Диірментөбе ауылының шекарасы (шегі)

100

-

72

28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады