Жаңақорған кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2014 жылғы 24 қазандағы N 690 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада N 4791 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 11 шілдедегі № 6 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:
      1) «Май бекеті-2» көшесіне Қаржаубек Жарқымбекұлының есімі;
      2) «Май бекеті-3» көшесіне Құлан Алдабергенұлының есімі;
      3) «Май бекеті-5» көшесіне Шаймерден Бәкірұлының;
      4) «Май бекеті-7» көшесіне Нұрберген Тастаевтың есімі;
      5) «Саяжай-4» көшесіне Дәумен қажы Шоманұлының есімі;
      6) «Ипподром-6» көшесіне Сатыбалды Әлібековтің есімі берілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары Б.Доспанбетовке жүктелсін.
      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған кентінің әкіміЕ. Сейлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады