2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 қаңтардағы № 1 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 2353 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар.
      2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.Б.Жарылғапова) осы қаулы тіркелгеннен кейін оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Аудан әкiмi                             Т.Т.Асауов
 
 

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Түпқараған аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Төлеген Жанаргүл Жанайымқызы
      06 қаңтар 2014 жыл
 

      «Түпқараған аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Жарылғапова Оразгул Бекиевна
      06 қаңтар 2014 жыл
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады