"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 339 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде № 4955 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпанда № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.02.2017 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 14 шілдедегі
№ 339 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы демалуға және ас ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленеді.
      Қызметкерлер үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 27.10.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
      16. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер бөлігінде облыстық бюджеттің жобасына оны әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді және оның орындалуын жүзеге асырады;
      2) өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастырады;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      4) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;
      5) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;
      6) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;
      7) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      8) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім дайындайды;
      9) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және оларды тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындайды және процессингтік орталыққа ақпарат беруді жүзеге асырады;
      13) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз етеді;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін жүзеге асырады;
      14-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер береді;
      14-2) тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      14-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
      14-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      14-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      14-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырады;
      14-7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      14-8) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
      16) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      18) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асырады;
      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
      20) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
      21) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді;
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 27.10.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін басқа да атқарушы билікпен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен басқа да ұйымдардан (сұратулар негізінде) қажетті ақпараттық материалдарды алу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін ұсыну;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;
      5) басқа да ұйымдардың, басқармалардың және ведомстволардың мамандарын өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін тарту;
      6) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс жасау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшы қызметкерлерінің (бөлім басшыларының) міндеттерінің шеңберін белгілейді;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, оның ішінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      3) өз құзыреті шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
      6) басқа басқармалармен және ведомстволармен бірлескен шешімдер қабылдайды.
      "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады