"Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 2224 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 5250 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 662 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 17.06.2016 № 662 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгі ережесін бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қашар кeнтi әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қашар кентінің әкімі М.С. Қуанышбаевқа жүктeлciн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Рудный қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 2224 қаулысымен бекітілген

"Қашар кенті әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
      5. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111507, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қашар кенті, 1 шағынаудан, № 38 ғимарат.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
      2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      15. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кент әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      16. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;
      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.
      5) қоғамдық ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.
      17. Функциялары:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және кент әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдармен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
      4) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай-күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      5) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды, құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
      6) кент әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      7) заңнаманың нормалары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
      8) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      9) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуді қамтамасыз етеді;
      10) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу жоспарына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
      11) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      12) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
      13) мемлекеттік тілді кең қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
      14) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      15) мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
      19) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
      20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне түсініктемелер беру;
      3) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік мекеменің
      қызметін ұйымдастыру
      19. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты кент әкімі жүзеге асырады, ол "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      20. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
      1) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін әзірлейді;
      3) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
      6) кент әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
      7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      8) "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
      9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      10) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
      11) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      12) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді орындайды.
      Жұмыс тәртібі "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімінің өкімімен бекітілген "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес анықталады.
      22. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік мекеменің
      мүлкі
      23. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік мекемені қайта
      ұйымдастыру және тарату
      26. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады