Халыктың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 37 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда № 4496 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) үш немесе одан да көп ай жұмыс істемеген, жұмыссыз адамдар;
      2) елу жастан асқан адамдар;
      3) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады