Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 34 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда № 4497 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 5 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 06.01.2015 № 5 хаты).

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.04.2014 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.04.2014 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезекті тоғызыншы
      сессиясының төрағасы                       В. Бездольный

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ С.Ф. Рахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады