Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 185 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 4600 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті тоғызыншы
      сессиясының төрайымы                       Р. Романова

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ К. Нұржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады