Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 244 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 5235 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 06.06.2016 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 тіркелген, 2013 жылғы 13 қарашада "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
       7 тармағының 3) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек:
      3) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тіркелген адамдарға, амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 150000 теңге мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өзінің әрекетін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
      Кезектен тыс
сессияның төрағасы,
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Қазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады